Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Этносаралық қарым-қатынастар мәдениеті”
10
қараша
2020

“Этносаралық қарым-қатынастар мәдениеті”

№19 жалпы білім беретін мектепте С.Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасымен бірлесе отырып, “Этносаралық қарым-қатынастар мәдениеті” тақырыбында 5-сыныптар арасында онлайн форматта кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Кітаптар көрмесін ұйымдастырудың негізгі мақсаты жас оқырманның таусылмас қазынасы болып табылатын кітаптарға деген қызығушылықтарын артыру арқылы рухани жан дүниелерін байыту. Аталған іс-шараны С.Бегалин атындағы кітапхананың орта және жоғарғы сынып оқырмандарына қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Сұранчиева Жазира Қуанышбайқызы мен Емельянова Елена Георгиевна кітаптар көрмесімен таныстыра отырып,  жас ұрпақтың рухани құралы кітап екендігін түсіндірді.