Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жол қозғалысының әліппесі»
09
қараша
2020

«Жол қозғалысының әліппесі»

№19 жалпы білім беретін мектептің 1  сыныптарына  «Жол қозғалысының әліппесі» тақырыбында онлайн форматта сыныптан тыс сабақтары ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларға жол ережелерін сақтауға, мұқият болуға тәрбиелеу және оқушыларға жаяу жүргіншілердің құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі  туралы түсінік бере отырып, оқушылардың танымдық көзқарасын, зейінінің тұрақтылығын дамыту. Аталған іс-шараға 1 сыныптардан 142 оқушы қатысты. Сабақ барысында Сынып жетекшілері оқушыларға бейне материалдар, презентациялар көрсету арқылы жол қозғалысы ережелерімен таныстырып, техника қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтар жүргізді. Сабақта алған теориялық білімдерін  жазатайым жағдайда алғашқы көмек көрсетуді, іс тәжірибеде ұштастыра білуге үйретті.