Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №19 жалпы білім беретін мектебі бойынша жалпы республикалық «Адалдық сағаты»
06
қараша
2019

№19 жалпы білім беретін мектебі бойынша жалпы республикалық «Адалдық сағаты»



Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Ж.Шпекбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық жиналысының №10 хаттамасын орындау мақсатында 2019 жылдың 6 қарашасында Алматы қаласы Білім басқармасының №19 жалпы білім беретін мектебінде жалпы республикалық бірыңғай «Адалдық сағаты» іс - шарасы өткізілді. «Адалдық сағатының» мақсаты өскелең ұрпаққа адалдық пен парасаттылық құндылықтарынсіңіру, рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиені дамыту, сыбайлас-жемқорлықпен күресу сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру. Сабақ барысында сынып жетекшілері оқушыларға сыбайлас жемқорлыққа жол бермейтін адами қасиеттеріне тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі екендігіне тоқталып, тақырыпқа орай ұлы ғұламалардың айтқан пікірлерімен бөлісті. Қауіпті кеселдің теріс салдары мен зардабын бейнероликтермен слайдттар арқылы көрсетті. Адам бойындағы төрт негізгі құндылық: адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім. Осы қасиеттерге жеке–жеке тоқталып, оқушылармен сұрақ–жауап түрінде талқылынып, ортаға ой салынды. Осы қасиеттер жеке адам бойынан табылған кезде ғана ұлтқа, мемлекетке адал қызмет ететін жастар, мемлекет қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа жол бермейтін болатындығына жас ұрпаққа толықтай жеткізілді.