Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №19 жалпы білім беретін мектебінде өткізілген «Бүгінгі шақ және болашақ: әр бала үшін қорғаныс қамтамасыз етілген балалық шақ»
13
қараша
2019

№19 жалпы білім беретін мектебінде өткізілген «Бүгінгі шақ және болашақ: әр бала үшін қорғаныс қамтамасыз етілген балалық шақ»

2019 жылдың қараша айының 13 күні №19 жалпы білім беретін мектебінде «Бүгінгі шақ және болашақ: әр бала үшін қорғаныс қамтамасыз етілген балалық шақ» тақырыбы аясында Дүние жүзілік сабағы өткізілді. Сабақтың мақсаты ең алдымен балалардың экономикалық және әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз ету, бала құқығын қорғау Конвенциясының қабылдау ерекшеліктері мен өмірдегі атқаратын рөлі туралы түсіндіре отырып, өз құқықтары мен еркіндіктерін шектеп ұстау міндеттілігі туралы, құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу. Аталған сабаққа «Алматы қалалық Білім Берудегі Жаңа Технологиялардың ғылыми-әдістемелік Орталығының» рухани-адамгершілік тәрбие және өзін-өзі тану бөлімінің жетекшісі Акмагамбетова Роза Газизжановна қатысты.
Сабақ барысында оқушылар 1959 жылғы Бала құқықтары декларациясының мұнан арғы дамуы мен бала құқығына қатысты жағдайды заңдық түрде бекітуі үшін, мемлекет тарапынан1989жылы 20 қарашада Балалар құқығын қорғау жайлы жан-жақты Конвенция қабылданғаны, бұл Конвенцияны міндетті екенін барлық БҰҰ-ға мүше мемлекеттер, соның ішінде Қазақстан да мойындағаны, сол себепті барлық мемлекеттер конвенция бұйрығын ешбір қарсылықсыз, міндетті түрде орындап, бала құқығын қорғауға және кез-келген қол сұғуға жол бермеуі қажет екендігі жөнінде т.б. сұрақтары толық мағлұматтар алды.
Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары туралы заңының 10-ншы бабында әрбір баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қадір қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы бар екендігін, сонымен қатар, мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуіне қамтамасыз ететіндігін, оның тәні мен жанын жәбірлеуден, адамдық қадір қасиетін қатыгездіктен, дөрекілік пен қорлаудан, кемсітуден және оны адам мен адамзаттың Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаудың өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге асыратындығын көрсеткендігі жөнінде мектеп инспекторы Тохтаева Тахмина Каримжанова түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Әлем балаларының ең қасиетті құқығы – өмір сүру құқығы. «Мемлекет бала денсаулығын және максималды ықтимал дәрежеде өмірін сақтап қалуға міндетті»- бұл норма Бала құқығын қорғау туралы конвенцияның 6-ншы бабында көрсетілген. Әрбір өкіметтің, мемлекеттің қасиетті міндеті бала өмірін қорғау және көркейту болып табылады. Баланың өмір сүру құқығын жариялайтын нақ осы қасиетті нормадан, конвенцияның басқа нормалары бастау алады.
Мемлекет пен қоғам балаларды тәрбиелеу саласында қандай да бір тиімді шаралар қолданғанымен, ата-ана махаббатын, олардың қамқорлығын еш уақытта айырбастай алмайды.
Сондықтан да әрбір бала ата-ананың сүйіспеншілігі аясында моральдік, материалдық қамқорлыққа өсіп жетілуі тиіс. Жас ұрпақты моральдік тәрбиелеудегі немқұрайлық көзқарастың арқасында жіберілген залалдың орнын ештеңе толтыра алмайды.

 

 Үндеу:Жас жеткіншек! Сен өзіңді құрметтеуге тиіссің. Бойындағы бар қабілетіңді тек жақсылыққа бағыттай біл. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ бол.
Ар-намысыңды биік ұста. Өз тағдырың-өз қолыңда. Өзіңе сен. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағындай өзін сақтай алады.
Тәртіпті бол, өз құқығыңды дұрыс пайдалан. Сен ел үшін керексің, өйткені сен- тәуелсіз еліміздің болашағысың.