Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №19 жалпы білім беретін мектеп
21
қараша
2019

№19 жалпы білім беретін мектеп

№19 жалпы білім беретін мектеп

 

БүгінТұңғыш Президент күніне арналған Елбасы кітапханасыон күндігініңаясында музейде«Жастар – елдің тірегі»көрмесіне №19 жалпы білім беретін мектептің оқушылары барды. Мақсаты – жасөспірімдерді ең алдымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының идеялары мен бастамаларымен жан-жақты тереңірек таныстыру, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру арқылы қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру.

Тәуелсіз еліміздің қалыптасу тарихындағы Тұңғыш Президенттің рөлін жүйелі баяндайтын көрмеде оқушылар Елбасының архив, кітапхана, музей қорларынан алынған бірегей материалдармен танысты. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғарғы мемлекеттік марапаттар колекциясымен, мемлекет басшылары мен беделді жазушылардың қолтаңбасы бар тартулық басылымдар мен Елбасының көп тілде жарық көрген еңбектерін тамашалады.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі— Қазақстанның жаңа тарихының музейі. Ол Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2004 жылғы 28 тамыздағы Жарлығымен құрылды. Музей алғашқы келушілерді Мемлекет басшысының бұрынғы Резиденциясының ғимаратында 2005 жылдың наурызында қабылдады. Музей экспозицияларында айтылатын негізгі идея республиканың мемлекеттік егемендікке қол жеткізуі мен оның Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың тәуелсіз демократиялық мемлекет құрудағы тарихи рөлі болып табылады.