Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Алматыдағы заманауи білім беру күндері" фестивалі
20
мамыр
2023
"Алматыдағы заманауи білім беру күндері" фестивалі
20.05.2023ж. Мектебіміздің 9- сынып оқушылары "Алматыдағы заманауи білім беру күндері" фестиваліне қатысып, колледж, жоғары оқу орындары, шет елде білім алу, мамандықты дұрыс таңдау туралы кеңестер алып қайтты. "Алматыдағы заманауи Білім беру" фестивалінде ЖОО мамандықтарымен және шет елде білім алудың жолдары туралы көп мәліметтермен танысты.
"Театр өнері арқылы - оқуға"
18
мамыр
2023
"Театр өнері арқылы - оқуға"
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында №19 ЖББМ кітапханасының ұйымдастыруымен "Театр өнері арқылы - оқуға" тақырыбында іс-шаралар өтті. Мақсаты: Оқыған кітаптары бойынша қойылымдар қойып, балалардың ойын, тілін дамыта отырып, жақсы қасиеттерді қалыптастырып, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Оқушылар оқыған ертегілер желісі бойынша қызықты да, тартымды қойылымдар ұсынып, өз шеберліктерін көрсете білді.  
«Мамандықтар калейдоскобы»
17
мамыр
2023
«Мамандықтар калейдоскобы»
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының  «Мамандықтар калейдоскобы»  атты республикалық челленджін №19 жалпы білім беретін мектептің өзін-өзі басқару ұйымы жалғастыруда.  
"Ардагерлерді ардақтайық" акциясы
05
мамыр
2023
"Ардагерлерді ардақтайық" акциясы
"Ардагерлерді ардақтайық" акциясы аясында №19 жалпы білім беретін мектеп оқушылары #Qaharman ҰОС ардагерлерін құттықтау челленджіне қатысып, Жеңістің 78 жылдығымен құттықтады. Сіздердің жауынгерлік ерліктеріңіз бен жасампаз еңбектеріңіз үшін алғыс білдіреміз! Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Челленджді Медеу ауданы мектептерінің оқушыларына жолдаймыз.
«Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант
04
мамыр
2023
«Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант
Мамыр айындағы мерекелер мен Жеңіс күні қарсаңында «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант өткізілді. Іс -шараға № 19 жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен ұстаздары да қатысты. Диктант жазудың мақсаты: білім алушыларға еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеуді үйретіп, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңіріп, патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу. Мектебімізде бұл іс-шара ережеге сай 4 мамыр күні сағат 11.00- де өткізілді. Атаулы іс-шараның нәтижесінде
“Бірлігі жарасқан Қазақстан”
28
сәуір
2023
“Бірлігі жарасқан Қазақстан”
28.04.2023 ж. №19 жалпы білім беретін мектепте “Бірлігі жарасқан Қазақстан” атты бастауыш сынып оқушылары арасында достық фестивалі өтті. Фестивальге қатысушылар Қазақстандағы түрлі ұлт өкілдерінің тұрмыс-салты мен мәдениетінен көріністер қойып, ән-биімен әсемдей түсті. Мерекелік іс-шарада мектеп директоры А.Д. Имангалиева халықтар достығының маңызы туралы айқындай түсіп, білім алушыларды “Қазақстан халықының бірлігі күні” мерекесімен құттықтады.