Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
КВЕСТ ОЙЫНЫ «ҒАРЫШҚА САЯХАТ»
12
сәуір
2023
КВЕСТ ОЙЫНЫ «ҒАРЫШҚА САЯХАТ»
    Ғарышкерлер күніне орай  мектебімізде 9 сынып оқушылары арасында квест ойыны өткізілді. Ұйымдастырушылар математика, информатика, физика пән бірлестігіндегі жас мамандар. Оқушылар ойынға белсенді қатысып, тақырып бойынша жасырынған сұрақтарды тауып мүдірместен жауап берді. Ойын нәтижесі бойынша І орын 9 Г сыныбы, ІІ орын 9 В сыныбы, ІІІ орын 9 А сыныбы иеленді. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз! ​https://youtube.com/shorts/cGMFxT6nYQ0?feature=share4​​​
«ШЕКСІЗ ҒАРЫШ ӘЛЕМІ» АТТЫ СУРЕТ САЙЫСЫ
12
сәуір
2023
«ШЕКСІЗ ҒАРЫШ ӘЛЕМІ» АТТЫ СУРЕТ САЙЫСЫ
Ғарышкерлер күніне орай  бастауыш сынып оқушылары арасында «Шексіз ғарыш әлемі» атты сурет сайысы өтті. Өз қиялына ерік берген талантты оқушыларымыздың еңбегі бағаланып, мақтау қағаздарымен марапатталды. Сайыс ұйымдастырушысы Малыгина Елена Михайловна.
"Сұлтан Бейбарыстың ерлігі"
04
сәуір
2023
"Сұлтан Бейбарыстың ерлігі"
Бүгін 04.04.2023 жылы Ұлы даланың тумасы Сұлтан Бейбарыстың туғанына 800 жыл толуына орай "Сұлтан Бейбарыстың ерлігі" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Білім алушыларға атақты қолбасшының өмірі мен ерлігі жайлы ақпараттар берілді.
«Бала жанының бағбаны атты»
30
наурыз
2023
«Бала жанының бағбаны атты»
5 «в»- сынып оқушылары 2023 жылдың 30 наурызында  ҚР Мемлекеттік орталық мұражай ұйымдастырған  қаламгер Мұзафар Әлімбаевқа  100 жыл толуына арналған  «Бала жанының бағбаны атты» сабаққа қатысты. Сабақта оқушылар ақын Мұзафар атасының өлеңдерін жатқа оқып, әнін шырқады. Сонымен қатар, сабақ қонақтары   “Балдырған” журналының редакторының орынбасары Бағдат Батықұлы, “Мөлдір бұлақ” журналының бас редакторы Дәулетбек Байтұрсынұлымен кездесіп, әңгімелерін тыңдады.
Жалпықалалық ата-аналар жиналысы
28
наурыз
2023
Жалпықалалық ата-аналар жиналысы
Бүгін, 28.03.2023 ж. сағат 15.00-де ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта 1-11 сынып ата-аналарына арналған жалпықалалық жиналыс өтті. Бала тәрбиесіндегі отбасы мен мектептің табысты ынтымақтастығы, жасөспірімдер ортасындағы жағымсыз үрдістерді азайту мақсатында "Бала + ата-ана + мектеп = тәрбие" тақырыбында жалпықалалық ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.
“Орда” пікірсайыс клубы
24
наурыз
2023
“Орда” пікірсайыс клубы
№19 жалпы білім беретін мектептің “Орда” пікірсайыс клубы 23-наурызда 8-сыныптар арасында  пікірсайыс ойынын ұйымдастырды. Пікірсайысшылар БП Адамзаттың ең үлкен қаупін көрсетеді деген қарарға ойын ойнады. Екі тарап жаһандық жылыну мен атомдық бомбалардың адамға тигізетін зияны туралы ойларын алға тартты. Жеңіс үкімет тарапында болды. https://youtube.com/shorts/QDcmH36Z-Eo?feature=share4