Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
Лагерьдің жабылуы
16
маусым
2023
Лагерьдің жабылуы
Алматы қаласы Медеу ауданы №19 жалпы білім беретін мектеп жанындағы “Балдаурен” лагерінде 16.06.2023 ж. күні лагерьдің жабылу салтанаты өтті. Мектеп директоры Имангалиева А.Д. балаларды құттықтап, жылы лебізін білдірді. “Күншуақ”, “Жұлдыз”, “Улыбка”, “Дружба” және “Радость” отрядының мүшелері мерекелік іс-шараға белсене қатысты.Мерекелік жиын лагерь демалушыларын марапаттауымен аяқталды.
28 -ші панфиловшылар паркіне табиғат аясында демалуға барды
14
маусым
2023
28 -ші панфиловшылар паркіне табиғат аясында демалуға барды
14.06.2023 жылы мектеп жанындағы "Балдаурен" лагерінде күн тәртібі бойынша таңғы жаттығудан кейін оқушылар 28 -ші панфиловшылар паркіне табиғат аясында демалуға барды. Оқушылар табиғат аясында тамақтанып, әр топ түрлі ойындар ойнап, оқушылардың көңіл- күйлері көтеріңкі болды. Түскі ас ішіп болған соң, би билеп жақсы әсермен үйлеріне қайтты.  
"Олимпиада ойындары" тақырыбында спорттық жарыс
14
маусым
2023
"Олимпиада ойындары" тақырыбында спорттық жарыс
Мектеп жанындағы «Балдаурен» лагерінде салауатты өмір салты мен белсенді демалысты насихаттау мақсатында "Олимпиада ойындары" тақырыбында спорттық жарысы өткізілді. Спорттық жарыстар қызықты өтті. Балалар спорттық жарыстың барлық кезеңдеріне белсенді қатысты.  
Психологиялық сергіту сәттері
14
маусым
2023
Психологиялық сергіту сәттері
 Алматы қаласы Медеу ауданы №19 жалпы білім беретін мектеп жанындағы "Балдаурен " жазғы сауықтыру лагерінің "Күншуақ ", "Жұлдыз", " Улыбка", " Дружба" топтарына психологиялық сергіту сәттері. Тақырыбы: "Лагердегі ерекше күн ". Мақсаты: "Балдаурен" лагеріне келген әрбір оқушыны алдымен жақсылыққа, адамгершілікке, оқушылардың жазғы демалыс уакытын тиімді пайдалана білуге үйрету, және оқушыларға психоэмоционалды ерекше көңіл күй сыйлау.
“Балдаурен” лагері
13
маусым
2023
“Балдаурен” лагері
13.06.2023ж күнгі жоспар бойынша біздің мектеп жанындағы “Балдаурен” лагерінің балалары таңғы жаттығудан кейін “Арман” кинотеатрына барды. Кинотеатрда “Өрмекші адам:Ғаламдық тор” фильмін тамашалады. Бұл мультфильм балаларды қиындықтарды жеңуге, отбасын бағалап, құрметтеуге, өзіңе және өз қабілеттеріңе сенуге үйретеді. Балаларға мультфильм қатты ұнады. Көрсетілімнен кейін мектепке оралды. Дәмді тамақтанып, аспазшыларға рахметін айтты.   
“Логика әлемінде” ой қозғау үйірмесі
13
маусым
2023
“Логика әлемінде” ой қозғау үйірмесі
Мектеп жанындағы “Балдаурен” жазғы лагерінде “Логика әлемінде” ой қозғау үйірмесі жұмыс жасайды. Үйірмеде балалар логикалық жаттығуларды орындау арқылы кеңінен ойлануды, дұрыс шешімді тез әрі жылдам қабылдауды үйренеді. Логика баланың ойлау, есту және көру қабілетінің жақсаруына ықпал етеді. Болашақ ұрпағымыздың білімді болуы-біздің қолымызда.