Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
қаңтар
2022

Күшіміз-бірілікте!

Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет! Тәуелсіздігіміз ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың арманы мен ерлігінің, биік рухының негізінде келді. Мемлекетіміздің тұтастығын және халқымыздың бірлігін сақтау - әрбір Қазақстан азаматының басты парызы. Республикамыздың әр аймақтарында болған террорлық әрекет пен келеңсіз қайғылы оқиғаларға жай қарай алмаймыз.  Қиын  уақытта Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа  Үндеу жасап, нақты қадамдарды жоспарлады. Ата Заңымыз негізінде әрбір қазақстандықтың азаматтық құқығы мен бостандығы қорғалатындығы сөзсіз. Қазір біз сабырға келіп, шыдамдылық танытып, ел бірлігі мен қауіпсіздігін сақтауымыз қажет. Президентіміздің Жолдауын қолдаймыз! Жалған сөзге ермей, нақты шешімдердің жүзеге асуына ел болып атсалысамыз! Ел тыныштығы үшін ерлікпен қаза тапқан ерлеріміздің ата-аналарына, туған-туыстарына қайғырып, көңіл айтамыз.  Күшіміз-бірілікте!