Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагог мəртебесі заңы туралы
22
қаңтар
2020

Педагог мəртебесі заңы туралы

Мәртебелі мұғалім – мемлекет абыройы.
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақты тәрбиелеу, білім беру – мұғалімге жүктелген қасиетті парыз. Иә, әр баланың ата-анадан кейінгі ақылшысы, сенімді тәрбиешісі, жүректері лүпілдей қаққан ең жақын адам ретінде сезінетіні, ол –ұстаз.  Оқу - тоқуға, ілім - білімге деген ұмтылыс, біздің еліміздің ұлттық болмыс бітімінде  сіңген бірегей қасиет болса керек. Жүз сүрлеу, мың соқпақтан аман қалған, тар жол тайғақ кешуден өткен біздің  ұлтымыздың осалы жоқ. Мамандық мәртебесінің көтерілуіне ықпал ететіндер, кәсіби әлеуеті жоғары мұғалімдер. «Қыран түлегіне қайрылмас қанат сыйлайды, ұстаз түлегіне алға бастар талап сыйлайды» деген халық  даналығына сай қазіргі заман мұғалімі – рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті мамандар. Өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға  әрине - Ұстаз. Ол  жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып,  дамыту үшін жауапты. 
         2019 жылдың 31 желтоқсанында мемлекет басшысы «Педагог мәртебесі туралы» заңға қол қойғаны баршамызға белгілі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2020 жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды іске асыру кезеңіне көшу басталатынын мәлімдеген болатын. Аталған заң жобасымен №19 жалпы білім беретін мектеп ұжымының №3 педагогикалық кеңесінде мектеп басшысы Айымгүл Даурбекқызы таныстырып, мұғалімдермен бірге талқылады. 
            Жалпы заң 21 баптан тұрады. Педагог мәртебесін айқындайтын Заң негізгі төрт бағытты қамтиды: 
    Бірінші, ұстаздардың құқықтарын кеңейту және өзіне тән емес жұмыстан босату, жүктемесін азайту;
    Екінші, мұғалімнің қызметіне қойылытын талаптарды күшейту; 
    Үшінші, материалды емес стимул тетіктері; 
    Төтрінші, материалдық ыңталандыру. 
   Жаңа  Заң жобасында мұғалімдерге біршама жаңашылдық қарастырылған. Атап өтетін болсақ: 2020 жылы білім берушілердің жалақысы 25 пайызға өсіру және төрт жыл ішінде екі есеге арттыру көзделген және педагог өз міндетіне жатпайтын функцияларға тартылудан қорғалатындығы, 2021 жылдан бастап оқу жүктемесінің 18 сағаттан 16 сағатқа дейін төмендейтіндігі, заң бойынша педагогтердің балаларына тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі ұйымдарға бірінші кезекте орын берілетіндігі, сонымен қатар, енді педагогтерді әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылатындығы айтылған. 
      Бүгінде оқушыларға, ұстаздарға арналған түрлі байқаулар мен жарыстар мұғалім еңбегінің, мәртебесінің көтерілуіне өз ықпалын тигізуде. Осыған байанысты «Педагог мәртебесі туралы» заңда халықаралық конкурстар мен жарыстардың жеңімпаздарына түрлі олимпиадалар мен спорттық жарыстардың лауреаттарын дайындаған педагогтерге үш лауазымдық жалақыға дейін біржолғы сыйақы төлететін болады. 
  Бұдан басқа, ілеспе заңда ата-ананың жауапкершілігін арттыру, бала құқығын қорғау, ұстаздарға әдепсіз мінен-құлық көрсеткені үшін, орынсыз есептілік, қағазбасылық, заңсыз тексерістер үшін нақты санкциялар, яғни айыппұлдар қарастырылған. Заңда орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері үшін тағы да көптеген мәселелер жайлы оң шешімін тапқан. 
        21-  ғасыр  бұл ақпараттық, цифрлық  қоғам  дәуірі, технологиялық  мәдениет дәуірі. Замануи  ұстаздық қызметтің қыры мен  сыры  мол, сондықтан да ұстаздар  өз ісінің  әрбір тетігін жетік меңгеру, игеру  жолында  кәсіптік  шеберлікті  толық  меңгерсе  ғана, бүгінгі  қоғамымызды  байытытын, дамытатын, жаңартатын мол  мүмкіндік  ашылатыны  күмәнсіз. Сол себепті қазіргі таңда ұстаздарға Ұлттық мектептің Ұлы мұратын ұмытпай, бойымыздағы білімімізді, қажыр қайратымызды елдің болашағын асқақтататын қасиетті істі дамытуға үлес қосатын «Педагог мәртебесі туралы» заңы дамыған отыз елдің қатарына қосылуға өз ықпалын тигізетіні сөзсіз.