Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Атадан мал қалғанша, тал қалсын»
11
қазан
2019

«Атадан мал қалғанша, тал қалсын»

«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» дейді. Ағаш өсіруді бала тәрбиелегенмен пара-пар дегенді халық ертеден айтады. Ендеше, баланы туылғанынан өмірдің ызғарлы желіне төтеп беретін бекем, берік қылып өсіруді мақсат тұтатындай ағашты да табиғаттың алапат күшінен аман қалдырып, тамырын қаққан қазықтай мығым ету үшін күтімі күпті, бабы мықты болу керек. 
     Бүгін Алматы қаласы, Медеу ауданы əкімшілігімен Медеу аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп аулаларына тал отырғызу шарасы өткізілді. Аталған іс-шараға №19 жалпы білім беретін мектебі де белсене ат салысты. Тал отырғызу сəтінде 11-сынып оқушылары 1-сынып оқушыларына қаланы, мектепті көгалдандырудың мақсаты,  адам өміріне пайдасын жете түсіндіре отырып, талды отырғызудың жолдарын көресетті. Əр жылы біздің мектепте дəстүрге айналған "Түлектер аллеясы" биыл тағы да толыға түсті. 
 «Табиғатты қалай аяласаң, ол саған солай жауап береді. 
Бабалар еккен шынарды балалар саялайды» демекші, осы егілген ағаштар келешекте қаулай өсіп, ұрпақтар игілігіне жарары сөзсіз.