Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
ақпан
2019

«Ана – жер ана»

2019 жылдың ақпан айының 15-ші жұлдызында Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры көрнекті жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматовтың «Ана – жер ана» трагедиясын қуыршақтар бейнесінде сахналанды.

Бұл қойылымға №19 жалпы білім беретін мектептің 6 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері шақырылды. Трагедия барысында кейіпкерлер: жастық шақтарын, асқақ армандарын, тулаған қызуы мен балауса ажарын сұм соғыстың жолына қиған тағдырларды сомдалды. Құлаған қайың қайта көктеп, тапталған егін қайта жайқалып жер жарасы жазылса да, сол жолда құрбан болғандар қайтып келмеді......

Ел басына түскен ауыртпалықты бір отбасының тағдырымен суреттеген Шыңғыс Айтматовтың «Ана – жер ана» трагедиясы көрерменге жол тартып, үн қатты. Ана – мәңгілік символы! Төрт бірдей азаматын Жер ананың қойнауына тапсырған Толғанай бейнесі қойылым барысында көрермендерді төзімділікке, сабырлық пен қайсарлыққа, отансүйгіштікке, еңбекке, мейрімділікке шақырады.

«Ана – жер ана» қойылымынан білімалушылар отан алдындағы жауапкершілік пен өмірге деген құштарлықты бойына сіңіре отырып, рухани азық алды.
 
«Ана – жер ана»
«Ана – жер ана»