Біз туралы » Страница 4 » "№19 жалпы білім беретін мектеп" КММ
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жалпықалалық ата-аналар жиналысы
28
наурыз
2023
Жалпықалалық ата-аналар жиналысы
Бүгін, 28.03.2023 ж. сағат 15.00-де ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта 1-11 сынып ата-аналарына арналған жалпықалалық жиналыс өтті. Бала тәрбиесіндегі отбасы мен мектептің табысты ынтымақтастығы, жасөспірімдер ортасындағы жағымсыз үрдістерді азайту мақсатында "Бала + ата-ана + мектеп = тәрбие" тақырыбында жалпықалалық ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.
"Оюлар сөйлейді" тақырыбында таныстыру сағаты
20
наурыз
2023
"Оюлар сөйлейді" тақырыбында таныстыру сағаты
№19 ЖББМ кітапханасында, Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне орай, "Оюлар сөйлейді" тақырыбында таныстыру сағаты өтті. Мақсаты: оқушыларға ою-өрнек туралы түсінік беру. Ою оюды үйрету. Оқушының ой-қиялын дамытып, іскерлікке баулу. Таныстыру барысында,  оқушылар ұлттық киімдерге байланысты салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтауға,  өз бойларында ұқыптылық,  әдемілік сынды қасиеттерін дамыта отырып,  асыл мұрамызды жаңғырта беруге,  қастерлеуге,   кейінгі ұрпаққа жеткізу парыз екендігін ұқты.
"Кітап - менің досым"
03
наурыз
2023
"Кітап - менің досым"
1-сынып оқушылары мектебіміздің кітапханасына саяхат жасады. Мақсаты: 1-сынып оқушыларын кітапхана өмірімен таныстыру. Білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру. Кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, оны күтіп ұстауға үйрету. 1- сынып оқушылары кітапханаға саяхат жасап, оқырманымыз ретінде қабылданды. Бүлдіршіндер кітапхана ережесімен, кітапты күтіп ұстаудың жолдарымен таныс болды. Өздерінің сүйікті кейіпкерлері жайлы қызықты кітаптар мен балаларға арналған журналдар топтамаларын қызыға
Шебер сабақ
28
ақпан
2023
Шебер сабақ
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шамшатова Гүлбану Рахимбердиевна 9 "Ә" сыныбында шебер сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: "М. Горький "Италия туралы ертегілер - патриотизм әнұраны". Сабақтың мақсаты: жазушының оқыған шығармалары негізінде оқушыларды патриотизм мен гуманизм ретінде рухани құндылықтармен таныстыру. Сабақта ұрпақтар сабақтастығы, Отанға деген сүйіспеншілік, оған деген адалдық және ол үшін құрбандыққа дайын болу мәселесінің өзектілігі қарастырылды. Сабақтың әр кезеңінде
«ҮЗДІК КАБИНЕТ – 2023»
28
ақпан
2023
«ҮЗДІК КАБИНЕТ – 2023»
«Жаратылыстану –математикалық бағыттағы үздік кабинет– 2023» атты мектеп кабинеттерінің қалалық байқауында мектебіміздің физика кабинеті үздік деп танылып І дәрежелі дипломмен марапатталды. Мектеп басшылығын және физика кабинетінің меңгерушісі Кожалимова Бекзат Айдархановны атаулы жеңістерімен құттықтаймыз!  
Шебер сабақ
17
ақпан
2023
Шебер сабақ
Тарих пәнінің мұғалімі, жас маман Бегарис Рамазан 5 "Б" сыныбында Қазақстан тарихы пәнінен "Үйсіндер туралы жазба деректер" тақырыбы бойынша шебер сабақ өткізді. Сабақ барысында заман талабына сай жаңа (цифрлы) әдіс-тәсілдер қолданылды. Бұл білім алушылардың зейінін ашып, белсенділігін арттырды. Нәтижесінде оқушылар көптеген мәліметтерді еркін меңгеріп, жақсы нәтижелер көрсетті.