20
наурыз
2023
"Оюлар сөйлейді" тақырыбында таныстыру сағаты
№19 ЖББМ кітапханасында, Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне орай, "Оюлар сөйлейді" тақырыбында таныстыру сағаты өтті. Мақсаты: оқушыларға ою-өрнек туралы түсінік беру. Ою оюды үйрету. Оқушының ой-қиялын дамытып, іскерлікке баулу.
Таныстыру барысында, оқушылар ұлттық киімдерге байланысты салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтауға, өз бойларында ұқыптылық, әдемілік сынды қасиеттерін дамыта отырып, асыл мұрамызды жаңғырта беруге, қастерлеуге, кейінгі ұрпаққа жеткізу парыз екендігін ұқты.