12 сәуір Ғарышкерлер күні » "№19 жалпы білім беретін мектеп" КММ
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 12 сәуір Ғарышкерлер күні
17
сәуір
2024

12 сәуір Ғарышкерлер күні

№ 19 жалпы білім беретін мектебі ҚР Мемлекеттік музейімен бірге «12 сәуір Ғарышкерлер күні» тақырыбында мектептің 8-сынып оқушыларымен музейлік сабақ өткізді. Музейдің ғылыми қызметкерлері оқушыларды Қазақстан мәдениетімен таныстырып, құпияларымен бөлісті. Қазақтың салт-дәстүрі мен дүниетанымын ғарыш әлемімен байланыстыра отырып аспан денелері, ғарыш кемелері, алғашқы ғарышкерлер туралы қызықты мәліметтер ұсынды. Оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, жауаптар алынып өз жалғасын тапты. Соңында музей мұрағаттарымен танысқан оқушылар білімдерін толықтыра түсті. 
Музеймен бірге өткізіліп жүрген музейлік сабақтар мектеп оқушыларымыздың өз дүниетанымын кеңейтіп, тарихымызды санасына сіңіруде. Мектеп ұстаздары Г.Рзағазы және Г.Азимова Алғыс хатпен марапатталды.