2024 жылы мектеп қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлама » "№19 жалпы білім беретін мектеп" КММ
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2024 жылы мектеп қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлама
01
сәуір
2024

2024 жылы мектеп қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлама

2024 жылы мектеп қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлама
       Алматы қаласының мемлекеттік мекемелерінде 2024 жылға арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесіне (бұдан әрі - ААКР) және "№19 ЖББМ" КММ директоры А.Д. Иманғалиеваның 2024 жылғы 1 сәуірдегі бұйрығына сәйкес 01.04.2024 жылдан бастап 30.04.2024 жылға дейін мектеп қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.
Мектеп қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
Қызметті, оның ұйымдастырушылық - басқару қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына талдау жүргізу (оның ішінде қызмет бағыттары бойынша) (тексерілетін кезеңде ұйымдарға қабылданған қолданыстағы құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау);
* Мектеп қызметіне қатысты ішкі нормативтік құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; 
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және бағалау:
* Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
* Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
* Қаржыландыру жобаларының тиісінше іске асырылуын мониторингтеу процестерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
* Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
* Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
* Мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
* Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау;
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша ұсыныстар мен ескертулер электрондық пошта арқылы қабылданады kgush-19@alschool.kz  2024 жылғы 3 мамырда сағат 20.00-ге дейін.