Біз туралы » Страница 3 » "№19 жалпы білім беретін мектеп" КММ
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
Алматы қалалық прокуратура өкілдерімен онлайн жиналыс
17
мамыр
2023
Алматы қалалық прокуратура өкілдерімен онлайн жиналыс
Бүгін 17.05.2023 жылы ZOOM платформасында Алматы қалалық прокуратура өкілдерінің бастамасымен онлайн жиналыс өтті. Онлайн кездесуде мектеп оқушыларының өмір қауіпсіздігі туралы, буллингтің алдын алу, жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы ақпарат берілді. Мектеп қабырғасында сенім жәшігі мен QR код арқылы сенім топтарының желісінің жұмысын жандандыру жөнінде кеңес берілді. Онлайн жиналыста жұмыс барысында қолдануға тиімді және  пайдалы ақпараттар берілді.
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында
17
мамыр
2023
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында
№19ЖББ мектебінің кітапханасында "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Кітап- білім бұлағы" айдарымен көркем әдебиетті таңдап, оқып, тақырыптық, пікір алмасу, оқыған көркем әдебиеттерімен бөлісу, кітапханалық акцияларға қатысу т.б. іс-шараларына белсене қатысқан оқушылар анықталып, марапатталды. Жобаға бастауыш сынып оқушылары белсене қатысты. Жобаның мақсаты: Балалар оқыған ертегілерін рухани құндылықтарды бойларына сіңіріп, оқыған жарнамалауға, насихаттауға дағдыландыру.
9-сынып  пен 10- сынып арасында ұйымдастырылған “Брейн-ринг” ойыны
19
сәуір
2023
9-сынып пен 10- сынып арасында ұйымдастырылған “Брейн-ринг” ойыны
11-21 сәуір аралығында мектебімізде "Информатика, математика және физика" апталығы өтіп жатыр. Апталықта  бірлестік мүшелері түрлі жарыстар мен ойындар ұйымдастырды. Соның бірі 9-сынып  пен 10- сынып арасында ұйымдастырылған “Брейн-ринг” ойыны. Ойынның мақсаты: белсенді ойын түрлері арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, топтық жұмыстар арқылы оқушылардың өзін - өзі көрсете білуіне жағдай туғыза отырып, ойлау ,сөйлеу, жылдам есептеу қабілеттерін дамыту, сыныптар арасындағы достық қарым
«Topiq.kz» цифрлық оқулықтар платформасы
11
сәуір
2023
«Topiq.kz» цифрлық оқулықтар платформасы
ОҚИМЫЗ ЖӘНЕ ЗИЯТКЕРЛІК ДАМУҒА ҰМТЫЛАМЫЗ!  №19 жалпы білім беретін мектебінде «Topiq.kz» цифрлық оқулықтар платформасын ұстаздар сабақ барысында қолданып отырады. Платформаның көптеген мүмкіндіктері мен артықшылықтары бар. Сабақ барысында электронды оқулықтармен жұмыс істей отырып, оқу үдерісін бақылауға, әдіс-тәсілдердің аясын кеңейтуге, сұраныс бойынша сапалы мазмұнға ие болуға болады. 
"Әлем әдебиетін бірге оқимыз"
29
наурыз
2023
"Әлем әдебиетін бірге оқимыз"
№19ЖББМ кітапханасының "Оқуға құштар мектеп"  жобасы аясында,  "Әлем әдебиетін бірге оқимыз" атты 1-11сынып оқушыларының қатысуымен іс-шара  ұйымдастырылды.  Іс-шараның мақсаты:  Көктемгі демалыста оқушылардың бос уақытын тиімді  ұйымдастыра отырып,  оқуға ұсынылған әдеби шығарманы отбасы мүшелерімен,  достарымен бірге оқып,  талдап,  жаңа білім алып, ізденіп үйренуге баулу және әлем әдебиетінің туындыларын әңгімелету,  өзіне ұнаған кейіпкерінің суретін салдырту.