Ата-аналары арасында дұрыс тамақтану мәселелері бойынша сауалнама
Салауатты өмір салтын қалыптастыру аясында мектепте 5–11 сынып оқушылары мен олардың ата-аналары арасында дұрыс тамақтану мәселелері бойынша сауалнама жүргізілді. Сауалнаманың мақсаты — білім алушылардың тамақтану дағдыларын, ас қабылдау тәртібін, таңғы асты тұрақты ішуін, сондай-ақ оқушылар мен ата-аналардың дұрыс тамақтану қағидалары жөніндегі хабардарлық деңгейін анықтау. Сауалнама нәтижелері оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайтуға бағытталған алдағы профилактикалық және