Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Балдәурен лагерінде ағылшын тілі үйірмесі жұмыс жасайды
08
маусым
2023
Балдәурен лагерінде ағылшын тілі үйірмесі жұмыс жасайды
Мектеп жанындағы Балдәурен лагерінде ағылшын тілі үйірмесі жұмыс жасайды. Үйірмеміздің аты “Step by step”. Ағылшын тілі халықаралық тіл болғандықтан үйірмеге балалар үлкен қызығушылықпен келеді. Үйірмеде балалар әртүрлі ойындар ойнайды, бір-бірімен қызықты тақырыптар бойынша пікір алмасады.Үйірменің балалардың тіл байлығын арттыруда үлесі зор. ​https://youtube.com/shorts/fpkyd99LccU?feature=share​​​
Алматы хайуанаттар бағына экскурсияға барды
08
маусым
2023
Алматы хайуанаттар бағына экскурсияға барды
08.06.2023ж күні жоспар бойынша біздің мектеп жанындағы «Балдаурен» лагерінің балалары Алматы хайуанаттар бағына экскурсияға барды! Балалар жануарларды көргендеріне қуанып, олар туралы көп мағлұматтар алды. Экскурсиядан кейін балаларды мектеп асханасында дәмді түскі ас күтті. Балалар тамақтанып, асхана қызметкерлеріне алғысын айтты. Біз балаларымыздың уақыттын көңілді және тиімді өткізіп, жақсы әсер алғанына қуаныштымыз.
«Балдаурен» лагері
07
маусым
2023
«Балдаурен» лагері
Мектеп жанындағы «Балдаурен» лагеріне балалар үлкен қызығушылықпен келеді. Күнделікті оларға тосынсыйлар дайындалған. Бұл ертегілер еліне саяхат, мұражайларға танымдық экскурсиялар, әртүрлі зияткерлік конкурстар мен спорттық жарыстар, саябақтағы көңілді демалыстар және дәмді түскі ас.  
Таңғы жаттығу
06
маусым
2023
Таңғы жаттығу
"Балдаурен" мектеп жанындағы жазғы лагерінің күн тәртібі көңілді таңғы жаттығулардан басталды. Таңғы  жаттығудың  балаларды сауықтыру мен  көңіл –күйлерін көтеруге әсері зор . Көңілді жаттығулардан кейін балалар бір-біріне  сәттілік тілеп , күні бойы іс-шараларда белсенді болды.
“Балдаурен” мектеп жанындағы балалар лагерінің ашылуы
05
маусым
2023
“Балдаурен” мектеп жанындағы балалар лагерінің ашылуы
Алматы қаласы Білім  басқармасының  №19 жалпы Білім бертін мектепте   05.06.2023 ж. “Балдаурен”мектеп жанындағы балалар лагерінің ашылу салтанаты өтті.  Салтанатты жиында мектеп директоры Имангалиева А.Д  бүлдіршіндерді  құттықтап,  іс-шараларға  белсене қатысуларын, бос уақыттарын тиімді пайдалануға шақырды. Лагердің ашылу салтанатында   мектептің өзін-өзі басқару ұйымы  балалардың сүйікті кейіпкерлері Қызыл телпек, Күлше қыз, Микки маус, Уенсдей, Покахонтасты сомдап, балалармен ертегі әлеміне
Мектеп бітіруші түлектеріміз ұстаздарына өздерінің ізгі тілектері мен алғысын білдірді
01
маусым
2023
Мектеп бітіруші түлектеріміз ұстаздарына өздерінің ізгі тілектері мен
2022-2023 оқу жылындағы мектеп бітіруші түлектеріміз ұстаздарына өздерінің ізгі тілектері мен алғысын білдірді. Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап оның екінші үйіне айналып, өз ісінің маманы болған мейірімді, тамаша ұстаздарымыз жақын адамына айналатыны сөзсіз. Түлектерімізге аңсаған армандарына қол жеткізіп, үлкен өмір жолына бастар қадамдары сәтті болсын деп тілейміз!