Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру лагері
26
мамыр
2023
Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру лагері
Түркістан облысындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру лагеріне 4-23 мамыр аралығында лагердің 6-ауысымына мектебімізден аудан, қалалық байқаулар жеңімпаз оқушылары барып, жақсы демалып қайтты. Өз кезегінде мектеп ұжымы мен ата-аналары Алматы қаласының Білім басқармасына және Медеу аудандық білім бөліміне өз ризашылықтарын білдіреді.  
Халықаралық “Сәлем, Астана” фестиваль байқауы
05
мамыр
2023
Халықаралық “Сәлем, Астана” фестиваль байқауы
Халықаралық “Сәлем, Астана” фестиваль байқауында І орынға ие болған “Достар” квартеті: Жанғазы Аңсар, Қошқарбек Алмаз, Базарғали Інжу, Жақсылық Каусар және соло орындаушы Музапар Еңлікті құттықтаймыз.
«Пікірсайыс-өмір салты» атты челлендж
26
сәуір
2023
«Пікірсайыс-өмір салты» атты челлендж
Алматы қаласы Білім басқармасы «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруменен 7-11 сынып оқушылары арасындағы қалалық «Пікірсайыс-өмір салты» атты челленджіне №19 жалпы білім беретін мектептің өзін-өзі басқару ұйымы қатысып, «Креативті видеобейне» номинациясы бойынша марапатталды. 
«Мектепте/колледжде бір күн» атты челлендж
26
сәуір
2023
«Мектепте/колледжде бір күн» атты челлендж
Алматы қаласы Білім басқармасы «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруменен 7-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері арасындағы «Мектепте/колледжде бір күн» атты челленджіне №19 жалпы білім беретін мектептің өзін-өзі басқару ұйымы қатысып, «Ең жарқын қызықты бейнебаян» номинациясы бойынша марапатталды.  
ҚАЗАҚСТАН ТЕННИС ФЕДЕРАЦИЯСЫ
25
сәуір
2023
ҚАЗАҚСТАН ТЕННИС ФЕДЕРАЦИЯСЫ
Мектебіміздің 2 сынып оқушысы Алимжанова Ариана Қазақстан теннис федерациясы ұйымдастыруымен өткен «ACE green ball» категориясы бойынша теннис ойынына қатысып республикалық деңгейде 1 орын иеленді. Жеңімпазымызды жеңісімен құттықтаймыз!
«АЛТЫН САҚА» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ
20
сәуір
2023
«АЛТЫН САҚА» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ
Мектебіміздің 3-4 сынып оқушылары «ZERDELI» ақыл-ой дамыту мектебі ұйымдастырған математика пәнінен «Алтын сақа» олимпиадасының аудандық кезеңінде жүлделі орындармен марапатталып, қалалық кезеңге жолдама алды. Оза шапқан жүйріктерімізге алдағы қалалық кезеңге жеңіс тілейміз.