Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Әлем әдебиетін бірге оқимыз"
29
наурыз
2023
"Әлем әдебиетін бірге оқимыз"
№19ЖББМ кітапханасының "Оқуға құштар мектеп"  жобасы аясында,  "Әлем әдебиетін бірге оқимыз" атты 1-11сынып оқушыларының қатысуымен іс-шара  ұйымдастырылды.  Іс-шараның мақсаты:  Көктемгі демалыста оқушылардың бос уақытын тиімді  ұйымдастыра отырып,  оқуға ұсынылған әдеби шығарманы отбасы мүшелерімен,  достарымен бірге оқып,  талдап,  жаңа білім алып, ізденіп үйренуге баулу және әлем әдебиетінің туындыларын әңгімелету,  өзіне ұнаған кейіпкерінің суретін салдырту.
"Оюлар сөйлейді" тақырыбында таныстыру сағаты
20
наурыз
2023
"Оюлар сөйлейді" тақырыбында таныстыру сағаты
№19 ЖББМ кітапханасында, Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне орай, "Оюлар сөйлейді" тақырыбында таныстыру сағаты өтті. Мақсаты: оқушыларға ою-өрнек туралы түсінік беру. Ою оюды үйрету. Оқушының ой-қиялын дамытып, іскерлікке баулу. Таныстыру барысында,  оқушылар ұлттық киімдерге байланысты салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтауға,  өз бойларында ұқыптылық,  әдемілік сынды қасиеттерін дамыта отырып,  асыл мұрамызды жаңғырта беруге,  қастерлеуге,   кейінгі ұрпаққа жеткізу парыз екендігін ұқты.
"Кітап - менің досым"
03
наурыз
2023
"Кітап - менің досым"
1-сынып оқушылары мектебіміздің кітапханасына саяхат жасады. Мақсаты: 1-сынып оқушыларын кітапхана өмірімен таныстыру. Білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру. Кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, оны күтіп ұстауға үйрету. 1- сынып оқушылары кітапханаға саяхат жасап, оқырманымыз ретінде қабылданды. Бүлдіршіндер кітапхана ережесімен, кітапты күтіп ұстаудың жолдарымен таныс болды. Өздерінің сүйікті кейіпкерлері жайлы қызықты кітаптар мен балаларға арналған журналдар топтамаларын қызыға
«Оқуға құштар мектеп» /"Читающая школа"
23
қаңтар
2023
«Оқуға құштар мектеп» /"Читающая школа"
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында №19ЖББМ кітапханасы «Балаларға базарлық» айдарымен  оқырман назарына «Жаңа жылға – жаңа кітаптар» көрме-презентациясын ұсынды. Шараның мақсаты – жаңа түскен кітаптармен оқырман қауымды таныстырып, кітап оқуға баулу, бос уақыттарын тиімді өткізуге түрткі болу. Көрме-презентация негізінде әлемдік балалар әдебиетінің жауһарына айналған бестселлер, әлемнің 80 тіліне аударылған «Хәрри Поттер» кітабының қазақ тіліндегі нұсқасының таныстырылымы болып өтті. Хәрри
Оқуға құштар мектеп /Читающая школа
11
қаңтар
2023
Оқуға құштар мектеп /Читающая школа
Мектебіміздің 1-қабатында "Кітап - өмір ұстазы" айдарымен кітап оқу бұрышы өз жұмысын бастады. "Артық ғылым кітапта, Ерінбей оқып көруге" деп Абай атамыз айтпақшы, әр буын оқушыларына арнап жасақталған сөреден балалар өздеріне қажетті кітапты оқумен қатар спорттық үстел ойындарын ұйымдастырып, өзара қызықты тақырыпта дискуссия өткізе алады. Үзіліс уақытын тиімді пайдалана отырып, өз пайым-түсініктерін қызықты ақпараттармен байыта алмақ. ________________ На 1 этаже нашей школы начал свою работу
"Қысқы демалыстағы оқулар"/ Чтения на зимних каникулах
09
қаңтар
2023
"Қысқы демалыстағы оқулар"/ Чтения на зимних каникулах
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Қысқы демалыстағы оқулар" атты мектеп кітапханасы ұйымдастырған іс-шараға 1-11 сынып оқушылары белсене қатысты. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге, ізденуге талпынысын ашу, кітап оқуға деген құлшынысын арттыру. Қатысқан оқушылар өздері сүйіп оқыған кітаптарын бір-біріне оқуға кеңес беріп, қызықты көркем шығармалармен алмасты. __________________ Учащиеся 1-11 классов приняли активное участие в мероприятии, организованном школьной библиотекой