Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
30
мамыр
2025

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

Президент 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай арнайы жазба жариялады
– Біз бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Тоталитаризмнің бұл қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді. Тарихымыздың қайғылы кезеңдерін терең зерделеп, жазықсыз жапа шеккен боздақтарды ақтау ісін жалғастыру – өте маңызды мәселе, – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев жазбасында.
Президенттің пікірінше, азалы күндерден сабақ алып, мұндай нәубеттің келешекте қайталануына жол бермеу – баршамызға ортақ парыз. Біз ауыр сынаққа төтеп берген, ұлт бірлігін сақтап қалған және асыл қасиеттерін жоғалтпаған ата-бабамыздың үмітін ақтауымыз қажет.Осы орайда оқушыларымызға қуғын-сүргінде қаза болған алаштықтардың өмірі жайлы деректі фильмдер көрсетіліп,мұражайларға саяхат жасалынды.

https://www.facebook.com/AlSchool19/posts/pfbid02hbbni3YbgrndRCk5qAE6gmYsb8a8KMEw6KNk8w3WEhA7TgnHuRaR76R2Tw2DtPYMl​​​