14
наурыз
2025
14 наурыз – Көрісу күні
Бүгін, 14 наурыз – Көрісу күні. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Адамдар осы күні бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көрісу күні – қазақ халқының көнеден келе жатқан ұлттық мейрамы.
Мереке қарсаңында мектебімізге Медеу ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығынан арнайы қонақтар келіп, Көрісу күні жоғары деңгейде атап өтілді. Мектеп оқушылары келген қонақтарға әннен шашу шашып, би билеп, күмбірлеген күй тартып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеді. Ұлыстың ұлы күні құрметті қонақтарға халқымыздың кәделі әрі ең басты тағамдары ұсынылды.
https://www.facebook.com/reel/1195291818618489