Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Ұстаз” көркем фильмін тамашалады
25
желтоқсан
2024

“Ұстаз” көркем фильмін тамашалады

Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты №19 жалпы білім беретін  мектеп ұжымы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен түсірілген  режиссер Ерлан Ұшақпаевтың “Ұстаз” көркем фильмін тамашалады. 
🎬Фильм Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Менің мақсатым – ұстазды қоғамымыздың басты кейіпкері ретінде дәріптеу” деген сөзін негізге ала отырып, ұстаз еңбегінің маңыздылығын айрықша баяндайды.
🎞”Ұстаз” фильмінің премьерасы мен оны таныстыру барысында ҚР Оқу ағарту министрі Ғани Бейсембаев фильм туралы өз пікірін білдіріп,  мұғалімдер мен ұстаздардың қоғамдағы рөлі ерекше екенін және олардың ұрпақ тәрбиелеудегі еңбегі ешқашан елеусіз қалмауы керек екені айтылды. “Ұстаз” фильмінің идеясы мен мазмұны мұғалімдер қауымының мәртебесін көтеруге, олардың жұмысының маңыздылығын қоғамға көрсетуге бағытталған.
🎥Мектеп ұжымының ұстаздар қауымы  осы фильмді көріп, ұстаз мамандығының қадір-қасиетін тереңірек түсінуге мүмкіндік алды. Мұндай шаралар ұстазға деген құрмет пен алғысты нығайтып, қоғамдағы рөлін одан әрі айқындай түсетіні сөзсіз.
📽Фильмде жас ұстаздың туған ауылына оралуы, өзі оқыған мектепте жұмыс істеуі, оқушылармен қарым-қатынасы көрсетілген. Мұғалімнің беделі, шәкірттерін білім бәсекесіне қабілетті етуге ұмтылысы мен жаңашылдығы, сондай-ақ, педагогикалық қызметтің қиындығы мен қызығы көрініс табады.

https://www.facebook.com/AlSchool19/posts/pfbid02f7EtJFxQQRasjS1qi7rWdLUgUR5CqeEH369o3gMC6YHbHcigr3SHwqn5Vyan8D7Sl​​​