13
ақпан
2023
«Құдіретті жырдың құндағында»
Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай №19 жалпы білім беретін мектепте қазақ тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Құдіретті жырдың құндағында» атты ақынды еске алуға арналған гала концерті өтті. Гала концерттің шымылдығын мектеп директоры Имангалиева Айымгул Даурбековна құттықтау сөзімен ашты. Көпшілік қауымға Мұқағали атамыздың өмір жолы жайлы айтылды. Тың деректер беріліп, өз дауысымен оқылған өлеңі тыңдалды. Гала концертте мектепішілік Мұқағали оқуларынан үздік шыққан 1-11 сыныптардың шәкірттер өлеңдерін мәнермен жеткізді. Өлең жолдары әнге айналған туындыларынан Бақыт Нұрай мен Мелс Мадияр күй төкті. Жас мамандардың орындауымен «Бақыт деген» әні шырқалды.