Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
қаңтар
2023

Дінмұхамед Қонаев

№19ЖББ мектебіміздің кітапханасында көрнекті мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың туған күніне орай, іс-шара ұйымдастырылып, оқушыларға Димаш атамыздың өмірі мен шығармашылығы таныстырылды. Дінмұхамед Қонаев есімі жаңа Қазақстан қоғамында жаңаша жаңғыруда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қапшағай қаласына Қонаев есімі беріліп, Алматы облысының орталығына айналды. Елімізде ескерткіштері бой көтеріп, ғылыми конференциялар өтуде.
Дінмұхамед Ахметұлы басқарған жылдары кең-байтақ қазақ жерінде 43 қала салынған. Жүздеген өндіріс орны ашылып, ірі құрылыстар бой көтерді. ҚазҰУ қалашығы да Димаш Ахметұлының табанды еңбегінің нәтижесі. Дінмұхамед Қонаев – мемлекет ісімен қатар, қазақ ғылымына өлшеусіз еңбек сіңірген ірі ғалым. Димаш Ахметұлы Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі ретінде 100-ден аса ғылыми еңбек пен зерттеулер жазды. Қонаевтың қайраткерлік тұлғасы, ел алдындағы жасампаздық еңбегі, әділдігі мен тазалығы кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге.
@edu.almaty
@medeu_roo
@almaty_mektepteri 



[media=https://youtube.com/shorts/y7meuIfPFx0?feature=share]

https://youtube.com/shorts/y7meuIfPFx0?feature=share​​​