Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Абай мұрасы - халық ұлағаты"
07
ақпан
2020

"Абай мұрасы - халық ұлағаты"

"Абай мұрасы - халық ұлағаты" тақырыбы аясында №19 ЖББМ əдеби танымдық кеш өткізілді.
Аталған кештің мақсаты: Ұлы кеменгер ақынның өмірі мен  даналығын үлгі - өнеге ету, шәкірттерді адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру, Отанын сүюге, патриоттыққа тəрбиелеу.
Абай Құнанбаев қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да, дана тұлға. Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы алуан өлеңдер үлгісін қалдырды. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай өткізілген іс-шарада хəкімнің өлеңдері, қара сөздері оқылып, əндері орындалды. Аталған мерекеде Абай атындаға ҚазҰПУнің студенттері мен ұстаздары да ат салысты.