1 маусым - Балаларды қорғау күні/ 1 июня - ко Дню защиты детей
1 маусым - Балаларды қорғау күніне орай Медеу ауданы әкімдігі мен Медеу ауданының білім бөлімі ұйымдастырған мерекелік шараға №19 жалпы білім беретін мектептің оқушылары белсене қатысты. Біздің оқушылар Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің "Дизайн" кафедрасымен, "Өнер, мәдениет және спорт" институтымен бірлесіп ұйымдастырылған шеберлік сабақтарына қатысып, сурет салу, қолөнер жұмыстарының қыр-сырымен танысты. Балалар көңілді ойындар ойнап, қызықты сайыстарға қатысты.