Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
қыркүйек
2021

Ғалыммен кездесу

№19 Жалпы білім беретін  мектепте  қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің аға оқытушысы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі, «Ноттимгем» университетінің (Ұлыбритания,Ноттингем) «Білім мен ғылым саласындағы басқару» мамандығы бойынша магистратурасын тәмамдаған, «Академиялық жазылым» еңбегінің авторы, оқытушысы  Еділбай Оспановпен онлайн «zoom» режимінде кездесу болды.  Кездесуге мектеп директор Айымгүл Даурбековна және жас мамандар белсенді қатысып, өзекті сұрақтарына толық жауап алды. Еділбай Оспанов тәуелсіздік кезеңдеріндегі  жаңа ізденістері жайынан көптеген мәліметтер айтты.  Кездесу қатысушыларына қазіргі қазақ ғылымының қыр-сырын, оның қазіргі жағдайын  жан-жақты талдап, ғылыми деңгейде түсіндірді. Онлайн кездесу жас мамандарға берер өнегесі мол, жағымды әсері көп болды.