Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы » КГУ Общеобразовательная школа №19
Коммунальное государственное учреждение
"Общеобразовательная школа №19"
Управления образования города Алматы
Приемная:
+7 (727) 55-11-02
Бухгалтерия:
+7 (727) 55-11-02
Версия
для слабовидящих
» » Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы
22
май
2021

Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2020-2021 оқу жылының аяқталуын ұйымдастыру мақсатында орта білім беру ұйымдарына арналған Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысын өткізу тұжырымдамасы негізінде, 22.05.2021 ж. №19 жалпы білім беретін мектепте онлайн форматта, мектеп әкімшілігінің, пән мұғалімдерінің қатысуымен Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өткізілді. 
Ата-аналар жиналысының мақсаты: ата-аналарды, балалардың заңды өкілдерін 2020-2021 оқу жылының қорытындылары туралы хабардар ету және ата-ананың педагогтермен жеке сөйлесуі арқылы баланың үлгеріміне жан-жақты талдау жасалуына мүмкіндік беру.
Күн тәртібінде: 
1) Сынып жетекшілердің  2020-2021 оқу жылындағы оқу үлгерімдерінің қорытындылары туралы талдауы. 
2) "Жазғы мектеп" жұмысын ұйымдастыру.
3) Балалардың жазғы уақыттағы қауіпсіздік ережелерін сақтауы туралы.
Жиналыс барысында оқу жылында атқарылған іс-шараларға толық есеп беріліп  жыл бойындағы педагогикалық, психологиялық қолдау және жазғы мектепті ұымдастыру барысында педагогикалық, психологиялық кеңестер бірілетіндігі туралы түсіндірілді.