Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қазақстан – құқықтық мемлекет» ата-аналар жиналысы
04
желтоқсан
2020

«Қазақстан – құқықтық мемлекет» ата-аналар жиналысы

№19 жалпы білім беретін мектепте «Қазақстан – құқықтық мемлекет» тақырыбы аясында онлайн форматта мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Мақсаты: ата-аналарға балаларының құқықтық тәрбиесі жайында толық мағлұмат беру, әр баланың мінез-құлық ерекшеліктеріне сай қоғамда өзін-өзі ұстауы, үлкенге құрмет көрсетуі, құқықбұзушылыққа бой бермеу әрекеттері жөнінде ой бөлісу арқылы жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу жолында құқықтық тәрбиенің маңызын арттыру.  
Күн тәртібінде:
1. 2020-2021 оқу жылының 1 тоқсанындағы оқу-тәрбие үдерісінің есебі.
2. «Қоғамдағы жемқорлықтың себептері» тақырыбында баяндама.
3. Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында жазатайым оқиғалар, төбелес және құқықбұзушылықтың алдын алу жөнінде ата-аналарға түсіндіру, кеңес беру. 
   4.  Жол жүру ережелерімен және техника қауіпсіздік ережелері туралы бейнебаян көрсету.
Жиналыс соңында өзекті мәселелер қаралып, ата-аналар тарапынан сұрақтар қойылып, сұрақтарға жауаптар берілді.