Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тұрыс Бекжан Асаубайұлымен кездесу
27
қыркүйек
2023

Тұрыс Бекжан Асаубайұлымен кездесу

27 қыркүйекте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қазақ өнерінің жанашыры, актер Тұрыс Бекжан Асаубайұлы және зейнеткер ұстаз Туреханова Катима Хусаиновнамен №19 жалпы білім беретін мектепте Тілдер онкүндігі аясында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында тілдің тазалығы, тағдыры, ұлттық тәрбие, киелі өнер тақырыптары аясында пікір алмасып, ой тарқатылды. Оқушылар көкейлеріндегі сауалдарын жолдап, қонақтарымыздың тұшымды ойларын тыңдап, ерекше әсерлерімен бөлісті. Бекжан ағамыздың өнерін мектеп сахнасында да тамашаладық. Кездесу соңында оқушылар мамандық таңдау, оның ішінде ұстаз болу, өнер адамы болу туралы армандарын жеткізді.
[media=https://youtu.be/vAZFDao02ag]