Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » МЕКТЕП ҰЖЫМЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ
18
наурыз
2023

МЕКТЕП ҰЖЫМЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ



№19 жалпы білім беретін мектеп ұжымы Наурыз мерекесін бар сән-салтанатымен өткізді. Ұлттық киім киген ұжым мүшелері сегіз топқа бөлініп, өнерлерін ортаға салды. Өнерлі ұжымдастар әуелетіп ән салып, күмбірлете күй шертіп, мың бұрала би билеп шараның шырайын келтірді. 
Ұлыстың ұлы күні ақ тілектер айтылып, наурыз көжеден дәм татылды. Жастар естелік фотоға түсіп, ұлттық дәстүрімізбен үндескен шарадан үлкен әсер алды.


Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз құтты болсын!