Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
қараша
2022

Ашық есік күні

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің нұсқауына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің имиджін және әскери қызметтің беделін арттыру жөніндегі жұмысты жандандыру мақсатында Медеу ауданының әскерге шақырылғанға дейінгі жастары үшін "Ашық есік күнін" Алматы қаласында орналасқан Құрлық әскерінің Әскери институтында өткізу жоспарланған. Осы жоспарланған іс-шараға №19 ЖББМ-нің оқушылары: 11 "А"-Сейдахан Д; Макпар М; 11 "Б" - Дәуренұлы А. қатысты. Оқушыларға Құрлық әскерлерінің Әскери институтында оқып жатқан курсанттардың өмір тіршілігі, оқу базасы, әскери-техника базасы және спорттық - жаттығу алаңдармен таныстырылды. Таныстыру барысыныда оқушылар өз ойларымен бөлісіп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала білді. Бұл іс-шарадан оқушылар көңілденіп, ерекше әсерге бөленді.
Осы іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан Алматы қаласы Медеу ауданының Қорғаныс істер жөніндегі басқарма бастығының МУА подполковник Д.Э.Насыровқа және Құрлық әскерлерінің Әскери институтының басшыларына үлкен алғысымызды білдіреміз.
@edu.almaty
@medeu_roo