Жетістіктеріміз » Страница 2 » "№19 жалпы білім беретін мектеп" КММ
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
Назад 1 2 Вперед
«Жырлайды жүрек» байқауының жеңімпазы
17
ақпан
2022
«Жырлайды жүрек» байқауының жеңімпазы
Алматы қаласы  Медеу ауданы мектеп ұстаздары арасында «Жырлайды жүрек» атты М.Мақатевтың шығармашылығына арналған жыр мүшәйрасында мектебіміздің музыка пәні мұғалімі Аманбеков Нұржігіт ІІ дәрежелі орын иеленді. Нұржігіт Алмабекұлын  жеңісімен құттықтай отырып,шығармашылық табыстар тілейміз! 
«АЛТЫН ТҰҒЫР» математикалық олимпиадасы
27
қаңтар
2022
«АЛТЫН ТҰҒЫР» математикалық олимпиадасы
2022 жылдың 5-6 қаңтарында Нұр-Сұлтан қаласында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен  «Zerdeli» ақыл-ой дамыту орталығының ұйымдастыруымен  бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық «АЛТЫН ТҰҒЫР» математикалық олимпиадасы өтті. Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Баймұрза Нұрлан Нұрахметұлы олимпиадада ІІІ орынды иеленді. Нұрлан Нұрахметұлын жүлделі жеңісімен  шын жүрекпен құттықтай отыра шығармашылық мол табыс тілейміз!
Бидашева Гульнар Рыскалиеван Құрмет грамотасымен марапатталды
20
желтоқсан
2021
Бидашева Гульнар Рыскалиеван Құрмет грамотасымен марапатталды
№19 жалпы білім беретін мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Бидашева Гульнар Рыскалиеван Алматы қаласының білім беру және жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру ісіне сіңірген еңбегі мен тәуелсіз еліміздің рухани-әлеуметтік дамуына қосқан зор үлесі үшін Алматы қаласы Білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды. Гульнар Рыскалиевнаға шығармашылық табыстар тілей отырып марапатымен құттықтаймыз!
Медеу ауданының әкімі Ә. Масабаевтың Алғыс хатымен марапатталды
18
желтоқсан
2021
Медеу ауданының әкімі Ә. Масабаевтың Алғыс хатымен марапатталды
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, бір салада 30 жылдан астам уақыт қызмет атқарған  №19 жалпы білім беретін мектептің ағылшын тілі мұғалімі Бидашева Гульнар Рыскалиевна Медеу ауданының әкімі Ә. Масабаевтың Алғыс хатымен марапатталды. Гульнар Рыскалиевнаны марапатымен шын жүректен құттықтай отырып отбасына амандық, жұмысына шығармашылық табыстар тілейміз! 
"Үздік педагог-2021" байқауы
11
мамыр
2021
"Үздік педагог-2021" байқауы
2021 жылдың 01-26 сәуір аралығында Медеу ауданыны білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген "Үздік педагог-2021" байқауының аудандық кезеңіне мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дуйсенбаева Майра Бекмуратовна қатысып, байқау нәтижесі бойынша жүлделі ІІ орынды🥈 иеленді. Әріптесімізді жеңісімен құттықтаймыз👏👏👏