28
қазан
2020
«Жас мамандар» айлығы
Алматы қаласы Білім басқармасы №19 жалпы білім беретін мектепте 1-31 қазан аралығында «Жас мамандар» айлығы жарияланды.
Айлықтың мақсаты: жас мамандарға қолдау көрсету, кәсіби біліктіліктерін іс-тәжірибеде жетілдіру.
1 қыркүйек күні жас мамандарға тәлімгер мұғалімдер бекітіліп берілді. Жас мамандармен жұмыс жоспары жасалды. Мектептегі қатаң есептегі құжаттарды толтыру, қашықтықтан оқыту әдістемесін, санитарлық талаптарды орындау мәселелері бойынша үнемі көмек пен кеңестер беріліп отырылды. Жас мамандар сабақтарына қатысып, білімді жастарға қолдау көрсетілді.
Ұстаздар мерекесінде мектептің кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «Жас мамандарды қабылдау» салтанатты рәсімі онлайн режимінде өткізілді.