"Балдәурен" жазғы лагерінің жұмысы/ Работа летнего лагеря "Балдаурен"
11-12 тамыз күндері мектебімізде дене шынықтыру пән мұғалімдері қатысуымен лагерь балапандары арасында "Кім жылдам, кім жүйрік?" спорттық сайыстары ұйымдастырылды. Ойын алды балаларға қауіпсіздік ережелері таныстырылып өтілді. Сайысқа қатысушы әрбір бала күшін, жылдамдығын өз тобына сала отырып, қарсы топты құрметтеу, көшбасшылық қасиеттерін шыңдау арқылы сайысқа өз үлестерін қосты. Әр бала өзіне ұмытылмас сезім мен көңіл-күй ала білді. ______________ С 11 по 12 Augustа в нашей школе с участием