10 тамыз – Абай күні
10 тамыз – Абай күні. Биыл Абай Құнанбайұлының туған күніне орай №19 жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Абай – дана, Абай – дара» тақырыбында челлендж ұйымдастырылды. Челленджге қатысушылар ақынның өлеңдерінен үзінді оқып, суреттер салды. Қазақ поэзиясының кемеңгер тұлғасы Абайдың мол әдеби мұрасы тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы саналады. Хакім Абайдың даналық мұрасы бізбен бірге мәңгі жасап келеді.