Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Білім саласы – мұғалім шеберлігі»
11
қазан
2021

«Білім саласы – мұғалім шеберлігі»

№19 жалпы білім беретін мектепте гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігі  мұғалімдерге арналған «Білім саласы – мұғалім шеберлігі» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Мақсаты: Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету, тәжірибелі ұстаздардың озық тәжірибесін тарату. Ағылшын пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Бидашева Гулнара Рыскалиевна  БЖБ және ТЖБ материалдарын дайындау, ТЖБ жұмыстарына талдау үлгілерін көрсетіп, тәжірибесін көрсетті.     Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары К.А.Акылбекқызы «Сабақ уақытындағы білімнен кеткен олқылықтарды жою мен қатар дарынды, талантты балаларды анықтау және қолдану» тақырыбында практикалық сабақ көрсетіп, ұстаздардан кері байланыс алды. 
     Математика пәні мұғалімі Қажымов Андас «Программалық смарт тақталар – онлайн және офлайн форматындағы сабақтар» айдарымен сандық ресустарды пайдалану тәжірибесін көрсете отырып, сабақ өтудің тиімді тәсілдерін түсіндірді. 
    Қорытынды бөлімінде  мектеп директоры А.Д.Имангалиева оқушылардың білім сапасын көтерудегі, ұстаздың білімі, жауапкершілігі, шеберлігінің орны ерекше екенің айтып, «ұстаз – шәкіртімен нұрлы» деп семинарды қорытындылады.