Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қазақ тілі әдістемелік бірлестігінің онкүндігі
27
қыркүйек
2022

Қазақ тілі әдістемелік бірлестігінің онкүндігі

Қазақ тілі онкүндігі жоспарына сәйкес 22 қыркүйек пен 3 қазан аралығында №19 жалпы білім беретін мектепте мемлекеттік тілге деген құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелейтін іс-шаралар өтуде, өйткені өз еліне деген шынайылықты өз тіліне деген сүйіспеншіліксіз елестету мүмкін емес. Тіл – жаңа әлемге ашатын терезе. Бүгін 26 қыркүйек күні пән мұғалімі Абдукаримова Д.К. 5-сыныпта «Сүйікті қаламыз» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында сынып «Көктөбе», «Медеу мұз кешені», «Қазақстан қонақ үйі» топтарына бөлініп, тапсырмаларды белсенді орындады.
Жаңа сөздермен танысып аудармаларын жазды. Сабақ көңілді әрі қызықты өтті.

Похожие публикации:

16 ақпан 2023 Шебер сабақ
17 ақпан 2023 Шебер сабақ