Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
ҚАЗАҚСТАН ТЕННИС ФЕДЕРАЦИЯСЫ
25
сәуір
2023
ҚАЗАҚСТАН ТЕННИС ФЕДЕРАЦИЯСЫ
Мектебіміздің 2 сынып оқушысы Алимжанова Ариана Қазақстан теннис федерациясы ұйымдастыруымен өткен «ACE green ball» категориясы бойынша теннис ойынына қатысып республикалық деңгейде 1 орын иеленді. Жеңімпазымызды жеңісімен құттықтаймыз!
«АЛТЫН САҚА» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ
20
сәуір
2023
«АЛТЫН САҚА» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ
Мектебіміздің 3-4 сынып оқушылары «ZERDELI» ақыл-ой дамыту мектебі ұйымдастырған математика пәнінен «Алтын сақа» олимпиадасының аудандық кезеңінде жүлделі орындармен марапатталып, қалалық кезеңге жолдама алды. Оза шапқан жүйріктерімізге алдағы қалалық кезеңге жеңіс тілейміз.
QAISAR ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ
20
сәуір
2023
QAISAR ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ
«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты ұйымдастыруымен Алматы қалалық мектеп оқушылары арасында өткен QAISAR әскери-патриоттық ойындарына қатысқан 10-11 сыныптан құралған мектеп командасы алғыс хатпен марапатталды.  
Жалпықалалық сейсможаттығу
20
сәуір
2023
Жалпықалалық сейсможаттығу
2023 жылдың 20-сәуірде сағат 11:00-де  19 ЖББМ-те жалпықалалық сейсможаттығу Алматы қаласы әкімінің 2023 жылғы 11 сәуірдегі “Жер сілкінісінің зардаптарын жою кезіндегі Алматы қаласының азаматтық қорғаудың аумақтық ішкі жүйесінің органдары мен күштерінің іс-қимылы” кешенді оқу жаттығуын ұйымдастыру және өткізу туралы #13өкімін орындау мақсатында өткізілді.
9-сынып  пен 10- сынып арасында ұйымдастырылған “Брейн-ринг” ойыны
19
сәуір
2023
9-сынып пен 10- сынып арасында ұйымдастырылған “Брейн-ринг” ойыны
11-21 сәуір аралығында мектебімізде "Информатика, математика және физика" апталығы өтіп жатыр. Апталықта  бірлестік мүшелері түрлі жарыстар мен ойындар ұйымдастырды. Соның бірі 9-сынып  пен 10- сынып арасында ұйымдастырылған “Брейн-ринг” ойыны. Ойынның мақсаты: белсенді ойын түрлері арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, топтық жұмыстар арқылы оқушылардың өзін - өзі көрсете білуіне жағдай туғыза отырып, ойлау ,сөйлеу, жылдам есептеу қабілеттерін дамыту, сыныптар арасындағы достық қарым
ҚЫЗЫЛША АУРУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ
18
сәуір
2023
ҚЫЗЫЛША АУРУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ
№1 қалалық балалар емханасының білікті балалар дәрігері Н.Н.Ыбыраева және мектебіміздің медбикесі Е.Б.Сыдықбек мұғалімдерге қызылша ауруларының алдын алу тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді. Инфекцияның алдын алу, белгілері байқалған жағдайда қандай көмек көрсету керек екенін және аурудың толық сипаттамасымен таныстырды.