Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 қыркүйек күні "Мектеп - мейірім мекені"
01
қыркүйек
2023

1 қыркүйек күні "Мектеп - мейірім мекені"

Дәстүр бойынша 1 қыркүйек күні "Мектеп - мейірім мекені" тақырыбында Білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді. Биылғы жылы 130-ға жуық бүлдіршіндер мектеп табалдырығын аттады. Бірінші сынып оқушыларын өзінің ізгі тілегімен мектеп директоры Иманғалиева Айымгул Даурбекқызы және Медеу ауданы әкімі аппаратының өкілі Бердібаев Нұрлан Зулкарнайұлы, қамқоршылық кеңесінің өкілі Акашева Г. Н.және Президент істері ауруханасының травматология меңгерушісі Молдағалиев С. Ж. жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Бірінші сынып оқушылары өз кезегінде мәнерлеп өлеңдерін оқыды. Жоғары сынып оқушылары сыйлықтар табыстады. Алғашқы қоңырау соғу мәртебесі 1-сынып оқушыларына табысталды. Білім күні сынып сағаттарымен жалғасты, сондай-ақ жоғары сынып оқушыларына арналған батылдық сабақтарын "Қазақстанның жауынгерлік іс-қимылдарының ардагерлері" ҚБ-нің мүшесі Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері мен ардагерлері полковник А.В.Шеханов, подполковник С. Ж. Мамаев және капитан Н. Я. Курцев өткізді.
1 қыркүйек мерекесі әрқашан ұмытылмас, қуанышты және сонымен бірге қызықты болып қала береді. Оқушылар мен мұғалімдерге 1 қыркүйекте ғана емес, мектепте өткізген барлық күндер де қуанышты болуын тілейміз. Жаңа оқу жылы барлығына жемісті және білімге, жаңалықтарға, шығармашылыққа және жетістіктерге бай болсын!