Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мектеп – ата-ана – оқушы" триадасы
28
сәуір
2023

"Мектеп – ата-ана – оқушы" триадасы

21.04.2023 ж." №19 ЖББМ " КММ-де ата-аналар қонақжайы
Ата-аналар үшін отбасының тәрбиелік әлеуетін өзара тануға тамаша мүмкіндік - ата-аналар қонақжайы. Кезекті қонақжайда 9-сынып ата-аналарымен "Мектеп – ата-ана – оқушы" триадасы тақырыбында кездесу өтті. Кездесуде:
1. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау;
2. Мамандық таңдау- басты міндетіміз; 
3. Ақша жинауға тыйым салу;
4. Отбасы – қоғамның бір ұяшығы тақырыптары талқыланды. 
Бала тәрбиесі процесінде отбасы мен мектептің табысты ынтымақтастығы, жасөспірімдер ортасындағы жағымсыз үрдістердің алдын алу мақсатында "Сенімен болашақ" қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Кәсіби бағдар беру жұмысының негізінде білім алушыларға мамандық таңдауда нақты көмек көрсетуге "Алматы Мемлекеттік қызмет колледжі", "Алматы теміржол көлігі колледжі", "Орта Азия техникалық-экономикалық колледжі", "Абылай хан атындағы лингвистикалық колледжі" қызметкерлері бағыт-бағдар көрсетті. Қонақжай жұмысына риза болған ата-аналар мектеп директоры мен әкімшілігіне алғыс білдіріп,  жағымды кері байланыс орнатты.