Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Тамыз 2021 года
“Мектепке жол 2021” жалпыреспубликалық акциясы
30
тамыз
2021
“Мектепке жол 2021” жалпыреспубликалық акциясы
Медеу ауданы әкімдігінің бастамасымен, “Таза ниет” қоғамдық қорының қолдауымен “Мектепке жол 2021” жалпыреспубликалық акциясы аясында 1-сыныпқа қадам басып келе жатқан көпбалалы және азқамтылған отбасындағы балаларға мектеп формасы, сөмке және оқу құралдарын сыйлады. Білім жолына жаңа қадам басқан жас бүлдіршіндерге көмек қолын созып, қамқорлық танытқан Медеу ауданының әкімі Әсет Дүйсебекұлына, “Таза ниет” қоғамдық қорына алғыс білдіреміз!  “Мектепке жол” акциясы әлі де жалғасын табуда.
«Балақайлар  мектебі»
25
тамыз
2021
«Балақайлар мектебі»
Алматы  қаласы    Білім  басқармасының  № 19 жалпы  білім  беретін  мектебінде балаларды  мектепке  дайындау  мақсатында  2021 жылдың  1 тамызынан  бастап  «Балақайлар  мектебі»  ұйымдастырылды. 1сыныпқа  барлығы 157 бала  қабылданды.Оның  90-ы  «Балақайлар  мектебіне» келіп, топтарға  бөлініп, мектеп  өмірін  тануда. Мектептің  кітапханасына, спорт  алаңына, оқу  кабинеттеріне  саяхат  жасады. Балалар  ұйымдастырылған  әртүрлі  іс-шараларға  белсене  қатысуда.
10 тамыз – Абай күні
12
тамыз
2021
10 тамыз – Абай күні
10 тамыз – Абай күні. Биыл Абай Құнанбайұлының туған күніне орай №19 жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Абай – дана, Абай – дара» тақырыбында челлендж ұйымдастырылды.  Челленджге қатысушылар ақынның өлеңдерінен үзінді оқып, суреттер салды.  Қазақ поэзиясының кемеңгер тұлғасы Абайдың мол әдеби мұрасы  тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы саналады. Хакім Абайдың даналық мұрасы бізбен бірге мәңгі жасап келеді.