Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Ұшқыр ой алаңы» Республикалық дебаттық турнирінің қалалық кезеңі
29
қаңтар
2021

«Ұшқыр ой алаңы» Республикалық дебаттық турнирінің қалалық кезеңі

2021 жылы 29 қантар күні Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығында оқушылар арасында «Ұшқыр ой алаңы» Республикалық дебаттық турнирінің қалалық кезеңі (қазақ лигасы) өтті. Мақсаты: білімалушылардың бойында азаматтық ұстанымды, өзінің және қоғам алдында өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті қалыптастыру, елде байқалатын өзекті жағдайларды талдау және жариялы талқылау арқылы шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамыту. Аталған жарыста Медеу ауданының іріктеу кезеңінде  жеңіске жеткен №19 жалпы білім беретін мектептің 10 сынып оқушысы Бақберген Дина қалалық турнирде де жүлделі 1 орынды иеленді. 
      Жалынды,  әрі ұтқыр, дарабоз жүйріктерді іріктеуде  Медеу ауданы білім бөлімінің басшысы Сапарова Ақайша Амировна, Медеу ауданы білім бөлімінің әдіскері Акылбекова Эльмира Нургазиновнаға және Алматы дарыны орталығының әдіскері Айымхан Әмірбекқызының аудандық турнирді ұйымдастырудағы орасан зор еңбектеріне алғыс білдіреміз.  
 Ұшқыр ойлы, дарынды, алғыр шәкірттеріміз Республикалық кезеңде де сүрінбейді деп сенеміз!


Теги:
Дебат