Алматы қалалық прокуратура өкілдерімен онлайн жиналыс
Бүгін 17.05.2023 жылы ZOOM платформасында Алматы қалалық прокуратура өкілдерінің бастамасымен онлайн жиналыс өтті. Онлайн кездесуде мектеп оқушыларының өмір қауіпсіздігі туралы, буллингтің алдын алу, жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы ақпарат берілді. Мектеп қабырғасында сенім жәшігі мен QR код арқылы сенім топтарының желісінің жұмысын жандандыру жөнінде кеңес берілді. Онлайн жиналыста жұмыс барысында қолдануға тиімді және пайдалы ақпараттар берілді.