Керимбекова Маржан Тельманқызы
Керимбекова Маржан Тельманқызы Алматы облысы Нарынқол ауданы Нарынқол ауылында 1970 жылы 29 қаңтарда дүниеге келген.
1977 жылы Нарынқол орта мектебінің табалдырығын аттап, 1987 Нарынқол орта мектебінің түлегі атанды.
1988 жылы Нарынқол орта мектебінде аға-тәлімгер болып қызмет істеді.
1989 жылы Әль - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің орыс тілі және әдебиеті мамандығына оқуға түсіп, 1995 жылы аяқтады. Нарынқол ауылы Нарынқол орта мектебінде орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі болып ұзақ жылдар бойы еңбек етті.
2005 жылдан бастап Алматы қаласы №19 орта мектепте орыс тілі және орыс әдебиеті мұғалімі қызметін атқарып келді.
Асыл жар, аяулы ана, ардақты ұстаз Маржан Тельманқызы білімді де білікті маман, әріптестеріне сыйлы, шәкірттері мен ата-аналардың құрметіне бөлене білді. Ұстаздық жолында аянбай еңбек еткен, шәкірттеріне берері мол ұстаздың білім саласындағы еңбегі өте зор.
Жүрегі ақ, көңілі жайсаң Маржан апайымыз мәңгілікке жүрегімізде сақталады.
Отбасына,туған туыстарына, әріптестеріне қайғыра көңіл айтамыз.