Кітапхана/Библиотека » "№19 жалпы білім беретін мектеп" КММ
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
қазан
2022

Кітапхана/Библиотека

№19 ЖББМ кітапханасында  Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның  90 жылдық мерейтойына орай «Қазақтың қызыл жебесі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып,мектеп оқушыларымен әдеби-танымдық іс-шара өтті. Оқушылар Шерағаның тағылымды өмір жолын, шығармашылығын әңгімелей отырып, қанатты сөздерін жатқа айтты. Көрмеге жазушының кітаптары, сондай-ақ мерзімді басылымдар қойылған. Оқырмандар автордың "Қызыл жебе", "Ай мен Айша",  "Соғыстың соңғы жесірі", "Бір кем дүние" және т. б. шығармаларымен таныса алды. Оқырмандарға автордың шығармалары ғана емес, сонымен қатар оның өмірі туралы қойылған экспозиция назарға ұсынылды.

Кітапхана меңгерушісі Аманжолова Айнагүл іс-шара барысында жазушы студент кезінен-ақ шығармашылығын бастағанын, Қ.Мұстайдың балаларға арналған "Біздің үйдің қуанышы" кітаптары, венгр халық ертегілері, Л. Лагиннің "Шал Хоттабыч" ертегісі, Х.К. Андерсеннің сиқырлы әңгімелері, Ш. Айтматовтың шығармалары бірінші болып қазақ тіліне аударма жасағанын айтып өтті.  

Жас буын Шерхан Мұртазаның өмірі  мен шығармашылығын әңгімелей отырып, өнерге деген сүйіспеншілікті, адамгершілікті, еңбекқорлық пен шыдамдылық сынды қасиеттерді бойларына сіңіре білді.

__________________________________________________

В библиотеке ОШ №19 К 90-летнему юбилею народного писателя Шерхана Муртазы была организована с учащимися школы книжная выставка «Қазақтың қызыл жебесі", было проведено литературно-познавательное мероприятие.Учащиеся рассказали наизусть крылатые слова Ш. Мұртазы, рассказав о его жизненном пути,творчестве. На выставке представлены книги писателя, а также периодические издания. Читатели смогли познакомиться с произведениями автора: "Красная стрела", "Луна и Аиша", "Последняя вдова войны", "Один маленький мир" и др. Вниманию читателей была представлена экспозиция, посвященная не только произведениям автора, но и его жизни.

В ходе мероприятия заведующая библиотекой Айнагуль Аманжолова отметила, что писатель начал свое творчество еще со студенческих лет, первыми переводили на казахский язык книги К. Мустая для детей "Радость нашего дома", венгерские народные сказки, сказку Л. Лагина "Старик Хоттабыч", волшебные рассказы Х. К. Андерсена, произведения Ш. Айтматова.

Молодое поколение, рассказывая о жизни и творчестве Шерхана Муртазы, привило любовь к искусству,нравственность, трудолюбие и терпение.