28
ақпан
2023
Шебер сабақ
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шамшатова Гүлбану Рахимбердиевна 9 "Ә" сыныбында шебер сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: "М. Горький "Италия туралы ертегілер - патриотизм әнұраны". Сабақтың мақсаты: жазушының оқыған шығармалары негізінде оқушыларды патриотизм мен гуманизм ретінде рухани құндылықтармен таныстыру. Сабақта ұрпақтар сабақтастығы, Отанға деген сүйіспеншілік, оған деген адалдық және ол үшін құрбандыққа дайын болу мәселесінің өзектілігі қарастырылды. Сабақтың әр кезеңінде оқушылар сыни ойлаудың әртүрлі әдістемелері бойынша жұмыс жасай отырып, зерттеу қызметінде белсенділік танытты. Сабақта еркін микрофон, сюжеттік кесте, пікірталас картасы, рефлексия әдіс-тәсілдерін пайдаланды. Сабақ жоғары деңгейде өтті.