№19 жалпы білім беретін мектеп ұжымы «Оқуға құштар - ұжым» акциясын ұйымдастырды. » "№19 жалпы білім беретін мектеп" КММ
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №19 жалпы білім беретін мектеп ұжымы «Оқуға құштар - ұжым» акциясын ұйымдастырды.
05
сәуір
2021

№19 жалпы білім беретін мектеп ұжымы «Оқуға құштар - ұжым» акциясын ұйымдастырды.

Абай: «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа»
     Мемлекет басшысы Қасым-ЖоMarch Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес  «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. Аталған жоба аясында мектебіміздің директоры А.Д. Иманғалиеваның  бастамасымен №19 жалпы білім беретін мектеп ұжымы да «Оқуға құштар - ұжым» акциясы ұйымдастырылды.
        Акция аясында мектептегі оқудың жарқын дәстүрлерін жаңғырту, көркем әдебиетке қызығушылықтары мен оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру, кітапхана қорын көркем әдебиетпен толықтыру, мектеп кітапханаларының материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша кешенді шаралар көзделген.
 Оқырман белсенділігін қалыптастыру үдерісі мектепте заманауи тиімді технологиялар мен оқыту әдістері қолданылған жағдайда тиімді болады. Осы негізде  ұстаздар арасында «Кітабымды ұсынамын!» челленджі жарияланды.
     Ұлттың рухани және интеллектуалды ілгерілеуінің құралы ретіндегі оқылым іс-әрекетіне балаларды және жастарды тарту мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасының  үлесі маңызды.  Кітап оқу - білім мен рухани құндылықтарды беру мен меңгерудің бір кілті ретінде, ал тұлғаны тәрбиелеу және білім беру - адамның қоғамда табысты болуына және бәсекеге қабілеттілігінің кепілі.